Елорда төрінен «Қазақ елі» монументінің салтанатпен бой көтеруі - ғасырдан-ғасырға, атадан-балаға мұраға қалатын айрықша рәміз - Қ. Тоқаев

None
None
АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  -  Елорда төрінен «Қазақ елі» монументінің салтанатпен бой көтеруі - ғасырдан-ғасырға, атадан-балаға мұраға қалатын айрықша рәміз.

Бүгін елордада «Қазақ елі» монументінің ашылу салтанаты барысында сөз сөйлеген ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев  осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Бүгінгі салтанатты сәт  - еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылатын, естен кетпейтін оқиға. Астана бүкіл әлемге - «Орталық Азияның гаухары», «Арман қала», «Болашақтың - жаңа символы» ретінде танылды. Астана - Отанымыздың жүрегі, Халқымыздың - тынысы. Ұлттық жаңғыруымыздың, рухани өрлеуіміздің рәмізі, берік негізі. Бас қаламыз - еліміздің өркендеуінің айқын нышаны, сенімінің алтын бесігі. Астана - шын мәнінде, біздің ұлттық идеямыз, болашаққа бағдарымыз. Сондықтан Елорда төрінен «Қазақ елі» монументінің салтанатпен бой көтеруі - ғасырдан-ғасырға, атадан-балаға мұраға қалатын айрықша рәміз. Ол - біздің бабалар аманатына адалдығымызды, ұрпақтар алдындағы парызымызды, аялы да асыл үмітімізді бейнелейді», деді Қ. Тоқаев.

Сонымен бірге, Сенат Төрағасы «Қазақ елі» монументін аша отырып, халыққа, оның ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін қаны мен жанын берген батыр ұл-қыздарына деген ыстық ықылас екендігін айтты.  «Дәл осы монументтен біз өткен ата-бабамыздың қаһармандық жолы мен Қазақстанның бүгінгі қарқынын және жарқын болашағының рәмізін көреміз. Сондықтан да Қазақстанның халқы біздің мемлекетіміздегі биліктің қайнар көзі болып келді және солай да қала бермек», деді Қ. Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар