Елорда студенттері тәуелсіздік алған алғашқы кезеңдегі тарихи құжаттармен танысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтандағы Ұлттық архив ғимаратында елорда студенттері үшін «Елбасы және Қазақстан» тақырыбында экскурсия өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Экскурсия барысында студенттер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметіне қатысты құжаттар мен фотосуреттерді тамашалады. Көрмеге қалалық Қоғамдық даму басқармасының, «Жас Отан» жастар қанатының, Қазақстан студенттерінің одағы мен Қазақстанның Жастар конгресінің өкілдері қатысты.

«Бұл жерде Тәуелсіз Қазақстанның, яғни еліміздің 1991 жылдан бергі тарихына қатысты құнды құжаттар көрмесі тұр. Өзіңіз байқағандай мұнда еліміз егемендік алғаннан кейін алыс және жақын шетелдердің архив мекемелерімен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында әкелінген тарихи құжаттар топтастырылған. Елбасының жақында «Ұлы даланы жеті қыры» мақаласы жарыққа шыққанын білесіздер. Оның бір бөлігі - шетелдік архивтердегі тарихымызға қатысты құжаттарды әкелу екенін білесіздер. Яғни, архивтегі бұл құнды құжаттардың қатары алдағы уақытта толысатын болады», - деді экскурсияны жүргізген Ұлттық архивтің құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Сәуле Мұшкенова.

Оның айтуынша, көрмеге сонымен қатар, жас тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің 1991 жылдан бергі қаулылары мен жарғылары, бұйрықтары қойылған. Елорда студенттері экскурсия барысында құнды құжаттармен танысып қоймай, егемен елдің қалыптасу кезеңі жайлы құнды мәліметтерге қанықты.

Соңғы жаңалықтар