Елорда стационарларында дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта елордалық стационарларда дәрі-дәрмектің екі айлық қоры жасақталды. Бұл туралы Аntikor.live жобасында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Науқас коронавируспен ауыратынын жедел анықтау өте үлкен сұрақ тудырды. Мысалы, перзентханаға түскен жүкті әйелде ПТР мәртебесі белгісіз. Біз тест нәтижесін күтуге, жүкті әйелді оқшаулап ұстауымызға тура келді. Бұл мәселе қазір шешілді. Акушерлік төсек орындары бар көпсалалы ауруханалардың барлық қабылдау бөлімдерінде изотермиялық қондырғылар бар. Бұл жабдық ПТР тестті екі сағат ішінде орындап, нәтижесін көрсете алады. ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен жүкті әйелдер қаладағы фтизиопульмонология орталығында, акушерлік және босандыру бөлімшелерінде жатыр», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Тимур Мұратов.

Оның айтуынша, коронавирустың асқынып кетпеуіне әсер ететін негізгі фактордың бірі – антикоагулянттарды қабылдау.

«Қазіргі уақытта қаладағы барлық стационарларда дәрі-дәрмектің азаймайтын екі айлық қоры бар. Кейбір ауруханалар тәулік бойы жұмыс істеуде, сол себепті өздеріңізге күтіммен қарауларыңызды сұраймын. Қолды жиі жуып тұру, маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты қарапайым ережелерді ұстану бізді бұл дерттен құтқарып қалуы мүмін», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар