Елорда соты Қазақ көлік және коммуникация академиясын лицензиядан айыру шешімін өзгеріссіз қалдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бас лицензиясынан айыру туралы ҚР БҒМ қаулысын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еске сала кетсек, биылғы қазан айында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бас лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады.
Бүгінгі сотта ҚР ӘҚБК 464-бабы 2-бөлігіне сәйкес, академияның лицензиядан айыру туралы министрлік қаулысына шағымы қаралды.
«Сот Білім және ғылым министрлігінің М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бас лицензиясынан айыру туралы шешімін өз күшінде қалдырды. Академияның білім беру қызметіне қатысты комитет анықтаған бұзушылық фактілерін де сот растады», – дейді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті.
- Алматы облысының соты карантинге жабылды
- Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылды
- «Оқулық» республикалық ғылыми-практика орталығына жаңа басшы тағайындалды
- ШҚО-да биылғы алты айда 35 білім беру мекемесі тексеріледі
-
21 қаңтар күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
-
ҰБТ кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталуда
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам