Елорда: Сол жағалауда үйлердің жертөлесін су басқан

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырысы барысында Мәңгілік ел даңғылынағы №35-үй Триумфальды арка тұрғын кешенін, оған іргелес аумақ пен үй-жайларды су басу мәселесі талқыланды. Осы проблемаға қатысты Есіл ауданы әкімінің орынбасары Қанат Аббас баяндама жасап, тұрғындармен күн сайын 2-3 рет кездесу ұйымдастырып отырғанын айтады.

«Есіл ауданында құрылысы жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Сондықтан да бұл проблема жылдар бойы қордаланып қалған. Ауданда бір ғана коллектор бар және оның барлық тұрғын үйлерге қызмет көрсетуге шамасы жетпейді. Оның үстіне ауданда еріген қар су, кәріз суының 57 пайызы осы коллекторға келіп құйылады. Соның салдарынан Мәңгілік ел, Әлихан Бөкейхан, Керей мен Жәнібек хандар, Сауран көшелерінің бойындағы үйлердің жертөлесін су басқан», - деді ол.

Оның атап өтуінше, сол жағалаудағы проблеманы шешу үшін ұзындығы 7,6 шақырымды құрайтын су тазарту нысаны салынады. Нысанның жобасы, жобалық-сметалық құжаттамасы, мемлекеттік сараптама қорытындысы бар.

«Аталған нысан салынғаннан кейін проблема шешіледі әрі алдағы уақытта мұндай мәселе туындамайды»,- деді Қанат Аббас.


Соңғы жаңалықтар