Елорда саябағында Конституция күні аталып өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы Нұр-Сұлтан қаласының «Жетісу» саябағында ҚР Конституциясы күніне орай мерекелік шара ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, ҚХА мүшелері мен қоғам қайраткерлері, ҚХА этномәдени бірлестіктері мен жастар қанатының өкілдері және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Концерттің ашылуында сөз сөйлеген Ж.Түймебаев барша қазақстандықтарды келе жатқан мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтай отырып: «Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және жаңа Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тұрақты кепілі мен қажымас еңбектерінің арқасында Конституциямыз тәуелсіз еліміздің құқықтық жүйесінің өзегіне, дамуымыздың берік іргетасына айналды. Бүгін біз құқықтық, дамыған мемлекет құру жолын еліміздің басты заңының талаптарына сәйкес жаңа деңгейге көтерудеміз. Ата заңымыздың арқасында қазақстандықтар мәдени және рухани құндылықтарды қайта өркендетудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. Конституциямыздың жалпыұлттық құндылықтарды құрметтеу нормаларын жүзеге асыру арқасында көпэтносты Қазақстанда барлық азаматтардың келісімі мен бірлігінің іргетасы қаланды», - деп атап өтті.

Жиналған қауым Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық топтары мен аспаптық музыка, ән-би ұжымдарының қойылымдарын тамашалады.

Соңғы жаңалықтар