Елорда полициясы жоғалған жігітті іздестіруде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы Ануар Байзуровты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорданың Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, А.Байзуров 6 қыркүйекте шамамен сағат 15.00-де үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Жоғалып кеткен тұрғынды іздестіру ісіне полициямен қатар еріктілер де тартылған.

А.Т. Байзуровты тануға мүмкіндік беретін ерекше белгілер: Бойы 170-175 см, арық денелі, шашы қысқа қара түсті, қоңыр көзді, қыр мұрынды. Киген киімі: қара түсті былғары кеудеше, қызыл түсті свитер, қара шалбар. Қара түсті кроссовка.

«А.Т. Байзуровтың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматттар болса 71-61-94, 71-60-22, 71-63-29, 8-771-191-91-91 телефондарына хабарласуларын сұраймыз»-делінген полиция тартқан ақпартта.

Жігіттің жоғалуы елордалық Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында және оны іздеу бойынша кешенді шаралар жүріп жатыр.





Соңғы жаңалықтар