Елорда полициясы тәуліктің қай уақытында қылмыс көп жасалатындығын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада түнгі сағат 1-ден таңғы 6-ға дейінгі аралықта қылмыс көп жасалады. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қалалық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Тахир Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қала аумағында тіркелген қылмыстардың 119 фактісі алкогольге мас күйде жасалған. 36 құқық бұзушылық кезінде күдіктілер көңіл көтеру орындарында алкогольді ішімдік ішкен», деді ол Нұр-Сұлтан қалалық кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында.

Оның дерегінше, елордада түнгі сағат 1-ден таңғы 6-ға дейінгі аралықта қылмыс көп жасалады.

«Мәселен, осы жылдың 14 наурызында таңғы сағат 5-те «Хиты ХХ века» түнгі клубының жанында орын алған жаппай төбелес кезінде азамат А-ға бел тұсынан пышақ ұрған. 31 наурызда сағат 04-30-да азамат Б-ға «Золото» мейрамханасының жанында кеуде тұсынан бірнеше мәрте пышақ салған», - деді Тахир Әбдірахманов.

Айта кетерлігі, отырыс барысында елордадағы дәмхана, мейрамханаларда сағат 23-00-ден таңғы сағат 8-00-ге дейінгі аралықты алкоголь өнімдерін сатуға шектеу қоюға қатысты мәселе талқыланды.

Соңғы жаңалықтар