Елорда полициясы қалта ұрыларының фотоларын жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қоғамдық орындарда жиі болатын қалта ұрлықтары туралы ескертіп, іздеуде жүрген қылмыскерлердің фотоларын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда қалта ұрлығы 36 пайызға төмендеді. Азаматтардың белсенділігінің арқасында және полицейлердің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қалта ұрлығын жасаған 7 адам сотталды, 26 күдікті уақытша ұстау изоляторына жеткізілді, 11 адамнан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды және 3 адам - үй қамауында», - делінген таратылған ақпаратта.

Осы ретте, Полиция департаменті іздеуде жүрген күдіктілердің фотосын жариялап, қандай да бір мәліметке ие азаматтарды 8(7172)71 61 71, +7 708 904 94 98 немесе «102» нөміріне хабарласуды сұрады.


Соңғы жаңалықтар