Елорда полициясы іздеу салған жігіттің денесі табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАпарат – Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті іздеу салған азаматтың денесі табылды. Бұл туралы қалалық департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, биылғы жылдың 20-шы қыркүйегінде сағат 13-30-да Полиция департаментінің өкілдері «Қарқаралы» тасжолының бойында, «Қосшы» ауылына жақын жерден із-түзсіз жоғалып кеткен Әнуар Төлегенұлы Байзұровтың денесін тапты. Туыстары мәйіттің Әнуар Байзұровтікі екенін растады.
6 қыркүйек күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған Ә.Т.Байзұровты іздестіруге елордалық Полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылған.
Мәйітті тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Алдын ала болжам бойынша, марқұм асылудың салдарынан тыныс алу жолдарының асфикциясынан көз жұмған.
Аталған факт бойынша қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.
ҚР ҚК-нің 105 бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.
- Қарағанды полицейлері 7 жасар қызды зорламақ болған күдіктіні ізін суытпай ұстады
- Дүниежүзілік банк рейтингі: Қазақстан «Жемқорлықты бақылау» көрсеткішін жақсартты
- Елорда әкімдігінде парақорлықпен күрес мәселесі талқыланды
- Тәуелсіздік күніне орай елордада қандай шаралар өтеді
-
Павлодарда көпқабатты үйдің ауласында ер адамды атып өлтірген күдікті іздестірілуде
-
Елордада сырғанақтар қайда салынады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам