Елорда полицейлері жүргізушілерді жолда қырағы болуды ескертті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда тәулік ішінде 93 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорданың полиция басқармасы күн райы жағдайының құбылып, бұзылуына байланысты жүргізушілерді жол қозғалысы кезінде қырағы болып, қауіпсіздік шараларын сақтауға, көлік жүргізу кезінде түрлі гаджеттер, соның ішінде ұялы телефон ұстамауға үндейді.

Қала көшелерінде қар тазалау жұмыстары тәулік бойы ұйымдастырылған.

«Жүргізушілерді жолда абай болып, көліктерін жол жиегінде қалдырмауын, қоғамдық көлік қозғалысына, қар тазалау техникасының жұмысына кедергі келтірмеуін сұраймыз.

Жүргізушілер үшін жолда ең қауіптісі - мұз қатқан жол. Сондықтан жолда жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтық және маневрлеу ережелерін сақтау керек.

Сондай-ақ, жолдан өтіп жүрген немесе жол жиегімен келе жатқан жаяу жүргіншлерге де мұқият болу қажет»,-делнінген полицияның хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар