Елорда полицейлері зейнеткерлердің қарын күреп, тұрмысына қолғабыс көрсетуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары жеке секторда тұратын зейнеткерлердің қарын күреп, жасы үлкен кісілерге қолғабыс көрсетіп жатыр. Қыс қаһарына мінген шақта мұқтаж адамдарға көмектесуді құқық қорғаушылар өз парызы деп санайтындарын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құқық қорғаушының ең бірінші міндеті – қоғамдағы тәртіпті сақтап, құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, азаматтарға немесе қоғамға қауіп төндірген адамның әрекетінің жолын кесу. Дей тұрсақ та өз міндетімен бірге елорданың тәртіп сақшылары мұқтаж адамдарға қолғабыс етіп, көмегіне жарауға да уақыт тауып жүр. Әсіресе жер үйлерде тұратын жалғызбасты зейнеткерлер үшін аязды күндері сыртқа шығып, отын немесе көмір кіргізудің өзі қиынға түсері анық. Сол себепті полиция қызметкерлері ең алдымен осы санаттағы егде адамдарға көмектесуге тырысады.

Тәртіп сақшыларының көмегін алған елордалық 83 жастағы зейнеткер Райда Сабержанқызы Мифтахова өзіне көмек көрсеткен полиция қызмектерлеріне алғысын айтты. Полиция қызметкерлерінің өздері болса мұқтаж азаматтарға шама-шарқынша көмектесуге дайын екенін білдіріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар