Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Елорда полицейлері көпірден секірмек болған бойжеткенді құтқарды

2022 жылғы 18 ақпан 16:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астаналық тәртіп сақшылары өзіне қол жұмсап, көпірден секірмек болған бойжеткенді аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін таңғы сағат 07:06-да «102» арнасына Сарайшық көшесі бойындағы көпірден бойжеткеннің секіргелі тұрғаны жайлы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде аға лейтенант Айдос Ағабеков пен капитан Фархат Кеңесхан бастаған патрульдік полиция полкінің наряды жіберілді. Полицейлер көпір қоршауында 11 метр биіктіктен төмен секіргісі келіп тұрған қызды байқайды. Тәртіп сақшылары жағдайды бақылап, уақытты жоғалтпай бойжеткенге көмекке жүгірді. Полицейлер қызды құтқарып, қауіпсіз жерге апарып, оны тыныштандыруға тырысты», - делінген хабарламада.

Ресми ақпаратта айтылғандай, құтқарылған бойжеткенді полиция басқармасына жеткізген.

«25 жасар бойжеткеннің ондай әрекетке не үшін барғаны анықталуда. Және психолог мамандар бойжеткенмен профилактикалық жұмыс жүргізді. Айта кету керек, полицей Айдос Ағабековтың адам өмірін құтқарудағы бұл бірінші ерлігі емес. Аға лейтенант өткен жазда суға бата жаздаған әйелді құтқарды. Өз кезегінде департамент басшылығы қызметкерді марапаттаған болатын», - дейді қалалық полиция департаментінен.


Автор:

Дәулет Ізтілеу

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары