Елорда полицейлері карантин режимінің сақталуын қатаң бақылауда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері карантин режимінің сақталуы бойынша шара қабылдау жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қзыметіне сілтеме жасап.

Құқық қорғаушылар тәртіп сақталмаған нысандарға, әсіресе мейрамханалар, дәмханалар, караоке, барлар мен сауда орталықтарына ерекше назар аударып отыр.

«Полиция қызметкерлері кәсіпкерлік субьектілеріне күндіз де, түнде де рейд жүргізіп, карантин тәртібін бұзған азаматтарды анықтап, оларды жауапкершілікке тартуда. Сонымен қатар демалыс күндері құқық қорғаушылар коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін карантин режимінің сақталуы керектігі жөнінде халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Демалыс күндері халықтың басым бөлігі адамдар көп жиналатын орындарға, бақтарға, базарларға баратыны белгілі. Осыған орай тәртіп сақшылары сақтық шараларын ұстануға шақырып, санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықтың сақталуын қадағалайды», - деп хабарлайды полиция департаментінен.

Сонымен қатар көңіл көтеретін орындардың иелеріне карантин шараларының сақталуы керектігін ескертеді.

«Бір тәуліктің ішінде Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін қадағалау басқармасының мамандарымен бірігіп, кәсіпкерліктің 141 нысанын тексерді. Тексеру барысында карантин режимін бұзудың 70 жағдайы тіркелді. Заң бұзушылардың бәрі де әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті карантин режимін сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар