+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Елорда полицейлері қала аумағында қамысты өртеген күдіктіні ұстады

2021 жылғы 3 мамыр 15:27
Бөлісіңіз:
Елорда полицейлері қала аумағында қамысты өртеген күдіктіні ұстады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полицейлер елордада құрғақ шөп өртеген күдікті адамды ұстады. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбелік ортақ үй сатып алу үшін танысына 14 млн теңгесін берген Нұр-Сұлтанда бір топ әйел Министрліктер үйіне кіруге тырысты: 6 бұзақыға айыппұл салынды Елордада демалыс күндері дәмханалар мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2 мамырда сағат 12-22-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері келіп түскен хабарламаға байланысты Сарыарқа ауданы, Бөгенбай даңғылы 73/1 мекенжайы бойынша шықты. Келген бойда құрғақ шөптің жануы және өрт жақын маңдағы жеке үйге таралып кеткені анықталды.

«Қызметтің инспекторлары аталған аумақты тыңғылықты тексерді. Осы орайда камераларға өрт болған жерден жасырынған күдікті адамдар түсіп қалған», - деді Полиция департаменті жедел басқару орталығының басшысы Қайрат Раушанов.

Белгілі болғандай, елорда тұрғындары сағат 12:30 кезінде алкогольдік ішімдік ішіп отырған. Олардың бірі жанғыш затпен қапталған сымдарды өртеген. Осының салдарынан қызыл жалын тез арада қурап тұрған қамысқа таралған. Қазіргі кезде күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT