Елорда полицейлері бірнеше рет ұрлық жасаған қылмыскерді ұстады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері жедел-іздеу шараларын өткізу барысында бұрын бірнеше рет сотталған 34 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді.

Ол бірнеше ұрлық жасады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында күдікті елордадағы бизнес-орталықтардың біріндегі кабинетке кіріп, 220 мың теңге тұратын «iPhone» маркалы телефонды ұрлағаны анықталды.

Сондай-ақ, Бөгенбай батыр даңғылындағы тұрғын үйден 90 мың теңге тұратын велосипедті ұрлаған.

Күдікті 5 түрлі ұрлық жасағанын мойындады. Ұрланған заттар тәркіленді.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның астана аумағындағы осы секілді басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тұрғындарға өте мұқият болып, құнды заттарды қараусыз қалдырмауға, велосипедтерді подъезде тастап кетпеуге шақырады.


Соңғы жаңалықтар