Елорда полицейлері 4-қабаттан секірмек болған 34 жастағы қала тұрғынын құтқарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда полицейлері 4-қабаттан секіріп өлмек болған тұрғынды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының 34 жастағы тұрғыны мас күйінде 4-қабаттың балконынан секірмек болған.

«2 маусым күні Байқоңыр аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Таха - Хусейн көшесі бойындағы әкімшілік аумақты аралау кезінде ер адамның 4-қабаттың балконынан секірейін деп жатқанын естіп, тез арада көмекке ұмтылды. Сонымен қатар, осы оқиғаны көрген куәгерлердің бірі «102» қызметіне де қоңырау шалған. Осы уақытта Таха-Хусейн мекенжайына жақын маңда патрульде жүрген Талас-111 полиция жасағының құрамында болған Мұхаметқали Қалдыбеков пен Қаят Пшембай оқиға орнына келіп, ер адамды құтқаруға көмектесті» делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары өз өміріне төнген қауіпке қарамастан жедел және үйлесімді іс-әрекеттің арқасында ер адамды құтқарып, қайғылы оқиғаның алдын алды.

Соңғы жаңалықтар