+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Елорда: Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы қалай жүріп жатыр

2021 жылғы 17 сәуір 21:48
Бөлісіңіз:
Елорда: Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы қалай жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Алтай Көлгінов ел астанасында салынып жатқан Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Есіл өзенінің үстінен жаяу көпір салынады Маңғыстаудың Баутин ауылында алғаш рет мешіт салынып жатыр Риддер тұрғындарына арналған баспананың құрылысы қалай жүріп жатыр

«Қалада республика мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы жүріп жатыр. Негізгі күмбездің биіктігі шамамен 90 метрді құрайды, ал мұнаралар 130 метр биіктікке көтеріледі. Мешіттің сыйымдылығы - 30 мың адам. Құрылыс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша демеушілік қаражат есебінен жүргізілуде. Бүгін осы мешіттің құрылыс барысымен таныстым. Ол Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарының арасында орналасқан. Өз тарапымыздан инженерлік желілер мен коммуникацияларды тарту жұмыстарын жүргіземіз. Сондай-ақ аумақты абаттандырып, ағаш отырғызамыз» делінген жазбада.

Қала басшысының айтуынша, бұл мешіт еліміздің тұрғындары үшін ғана емес, туристер үшін де тартымды нүктеге айналады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT