Елорда оқушыларына теңге тақырыбында ашық сабақ өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық валютаның 25 жылдығына орай «Теңге - мемлекет келбеті» атты мектеп оқушыларына ашық сабақ өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ашық сабақта төл теңгенің шығу тарихы мен тәуелсіз еліміздің айрықша белгілерінің бірі ұлттық валютамыздың маңызы сөз болды.

«Ұлттық музейде жеткеншектерге арналған іс-шаралар көптеп ұйымдастырылады. Соның бірі бүгінгі теңге тақырыбына арналған ашық сабақ. Мұндағы мақсат - балаларға төл теңгенің шежіресімен қатар, ақша тек айырбастау құралы емес, ол ұлттық құндылықтардың бірі екендігін ұғындыру. Оқушылар арнайы ұйымдастырылған ақшалар көрмесінде теңгемен қоса әлем елдерінің ақшаларын көріп, олардың пайда болу тарихымен танысуда», - дейді ҚР Ұлттық музейінің ғылыми кітапхана жетекшісі Толқын Дариш.



null null 

Ашық сабақ барысында ұйымдастырылған көрмеде ортағасырлық Түрік, Түргеш қағанаттарының металл монеталары мен ұлттық музейдің жеке қорынан бір уыс саф алтын тиындар және  әлем мемлекеттерінің ұлттық валюталары да орын алған.null 

Одан бөлек, кезіндегі КСРО, Чехославакия,Чехия, Нидерланды, Франция, Малайзия елдерінің айналымнан шығып қалған қағаз және металл монеталары таныстырылды.null 

Ұлттық музей ұйымдастырған шараға Астананың №56, №53 мектептерінің 7-8 сынып оқушылары қатысты.  

null null null   null 

Соңғы жаңалықтар