Елорда мерекесі: Талдықорғанда 230 отбасы баспаналы болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Елорда мерекесінде талдықорғандық 230 отбасы баспаналы болды,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Талдықорғанда көпқабатты үш тұрғын үй пайдалануға берілді. Зәулім ғимараттар «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламалары аясында салынды. Баспаналы болғандардың қатарында мемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, әлеуметтік сала мамандары мен қарапайым еңбек адамдары бар. Шаңырақ иелерін Нұр-Сұлтан күнімен құттықтап, салтанатты түрде кілтті өңір басшысы Амандық Баталов табыстады.

«Қазіргі мына мемлекеттік бағдарламамен үй алған өте қолайлы. Біздің де кезегіміз келіп, қызымызға үй беріліп отыр. Сезіміз керемет болып тұр», - деді қоныс тойын тойлап жатқан Анаргүл Қалқабаева.

Соңғы жаңалықтар