Елорда мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда мен тағы 3 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

18 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтау қаласында жаңбырдың соңы қарға ұласады, көктайғақ, таңертең тұман түседі.

18 қаңтарда Ақмола облысында түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерде қар, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Кей жерлерде тұман түседі.

Нұр-Сұлтан қаласында 18 қаңтарда қар, бұрқасын сақталады, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Сондай-ақ, 18 қаңтарда Қостанай облысында кей жерлерінде бұрқасын, тұман, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с сақталады.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.


Соңғы жаңалықтар