Елорда мен ТМД елдері полицейлерінің бірлескен іс-қимылы: астанада 18 қылмыскер ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордалық полиция қызметкерлері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен бірлесіп, «Іздестіру» кең ауқымды операциясын өткізді. Оның барысында қала аумағынан 18 қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Томск облысы бойынша Ресей ІІМБ тарапынан мемлекетаралық іздеуде жүрген 42 жастағы қылмыскер ұсталды. Әзербайжан Республикасының азаматы Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабында қарастырылған (кісі өлтіру) қылмысты жасағаны үшін іздеуде болған. Түнгі уақытта күдікті Томск қаласында кафенің жанында болған жанжал кезінде ер адамға пышақ жарақатын салған.

Сондай-ақ, Ақмола облысында елордалық полицейлер ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деп айыпталған, сол үшін халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының 66 жастағы азаматын ұстады. Одан ерекше иісі бар қара сұр түсті зат табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл – жалпы салмағы 5,32 грамм гашиш есірткі заты және жалпы салмағы 1 келі 280 грамм марихуана болып шықты.

Сондай-ақ, республикадан тыс жерлерде жедел алдын алу іс-шарасы аясында 2 қылмыскер анықталып, ұсталды. Ал, іс-түссіз жоғалған 6 азаматтың орналасқан жері белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар