Елорда мен республиканың бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республиканың бірнеше облысында ауа райынына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-нің мәліметінше, 3 наурыз күні Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысып, күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Нұр-Сұлтанда түнде және таңертең тұман болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы – 85-90 пайыз.

Көкшетауда түнде және таңертең тұман сақталады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысып, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

3 наурыздаТүркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, таңертең және күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.

Түркістан қаласында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман болады. Батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысының кейбір жерлерінде тұман түседі.


Соңғы жаңалықтар