+7 (701) 759 90 19
USD 377.19 EUR 408.99
RUB 5.93 CNY 54.02
Jańalyqtar

Елорда мен бірқатар өңірде ескерту жарияланды

2020 жылғы 28 қаңтар 15:14
Бөлісіңіз:
Елорда мен бірқатар өңірде ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Үш облыс пен Нұр-Сұлтан қаласында боран соғады Алматылық құтқарушылар  тұрғындарға тауға шықпауға  және ағаштардың түбіне көлік қоймауға кеңес берді Дүйсенбіде ауа райы қандай болады

29 қаңтар түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ сақталады.

Түркістан облысында да тұман түседі.

29 қаңтар түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қалың қар жауады. Кей аймақтарда бұрқасын көтеріліп, тұман түседі. Батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20, түнде 23-28 м/с жетеді.

Өскемен және Семей қалаларында да боран соғып, батыстан соққан желдің екпіні түнде 15-20 м/с дейін күшейеді.

29 қаңтар Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Ертең түнде Нұр-Сұлтан қаласында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады. Жел жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT