Елорда мен Алматыда коронавирус жұқтыру жағдайларының артуы себебі неде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елорда мен Алматыда коронавирус жұқтыру жағдайының артуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жағдай халық арасында профилактикалық тестілеу санының жоғарылауына байланысты артты. Шын мәнінде, бүгінде Алматыда анықтаған оқиғалардың 90 пайызы және соңғы аптада Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық оқиғалардың 80 пайызында індет жұқтырғанымен, ауруды сезінбей, симптомсыз болған. Оларды профилактикалық скринингтер арқылы анықтау мүмкін болды», - деді Е. Біртанов «Хабар24» арнасына берген сұхбатында.

Осы қалаларда профилактикалық тестілеу шаралары белсенді жүргізіліп жатқандықтан, індет жұқтырғандар анықталуда.

«Біздің тактиканы айтар болсақ, халық арасында ПТР-тестілеуді белсенді жүргізуге екпін қоюдамыз. Бұл жұмыстар індет жұқтырғандарды барынша ертерек анықтауға негізделген», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар