Елорда мен Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны сәл өсті
09:57, 15 Мамыр 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған8 жағдай тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап хабарлайды.
Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Алматы қаласында - 4 адамнан вирус анықталды.
Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 644 жетті.
Сонымен қатар Қазақстанда 149 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.