Елорда мен Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазгидрометке сілтеме жасап.

21-22 мамыр күндері түнде Ақмола облысының кей жерлерінде жауын-шашын болып (қар аралас жаңбыр), ауа температурасы 1-6 градусқа дейін төмендейді. Кей жерлерде тұман болуы ықтимал. 21 мамыр күні күндіз найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Батыс, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Нұр-Сұлтанда 21-22 мамыр күндері түнде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар. 22 мамыр күні түнде және таңертең тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар