Елорда мен 4 облыста ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның 4 облысы мен елордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпаратҚазгидрометке сілтеме жасап.
26 ақпандаАқтөбе облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, солтүстік-батыстан, батыстан жел 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 25 ақпанда ауа температурасы 0-5, кей жерлерде 8 жылыға дейін жоғарылайды.
26 ақпанда Қостанай облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, солтүстік-батыстан, батыстан жел 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 26 ақпанда ауа температурасы 2 аяз-3 жылыға дейін жоғарылайды.
Күндіз 26 ақпанда Қарағанды, күндіз 26, түнде 27 ақпанда Солтүстік-Қазақстан, Ақмола облыстарында, 27 ақпанда Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, 26 ақпанда кей жерлерде күші 15-20 м/с, 27 ақпанда 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, күндіз 26 ақпанда ауа температурасы 0-5 жылыға дейін жоғарылайды.
25 ақпанда Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/скүтіледі.
26 ақпанда күндіз, 27 ақпанда тәулік бойы жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, 26 ақпанда күннің екінші жартысында күші 15-20 м/с, 27 ақпанда 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз 26 ақпанда ауа температурасы 2-4 жылыға дейін жоғарылайды.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %
- Бүгін Балқашта ауа ластанады
- 21 қаңтар күнгі ауа райы болжамы
- Шығыс Қазақстанда боранға байланысты жол жабылды
- Қазақстанда жеті облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
-
Солтүстік Қазақстанда боранға байланысты облыстық жолдар жабылды
-
Ауа райы: Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ескерту жарияланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам