Елорда мен 4 облыста ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын жел күшейіп, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

8 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны кей жерлерде - 15-20 м/с.

Осы күні Көкшетау қаласының жолдарында көктайғақ болады. Түнде және таңертең оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

8 желтоқсан Нұр-Сұлтан қаласында бұрқасын соғып, көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде және таңертең 15-20 м/с дейін күшейеді.

8 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде боран соғып, тұман түседі. Көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны кей жерлерінде 15-20 м/с болады.

8 желтоқсан Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен күшті жел соғады.

Осы күні түнде Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні - 15-20 м/с.

Соңғы жаңалықтар