Елорда мектептерінің 2-інші ауысымдағы оқушылары қашықтан оқиды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада екінші ауысымның кезекші тобындағы 0-5 сынып оқушылары мектепке бармайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Білім басқармасының шешімімен, 4 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз -23) қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-5 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшіріледі», - делінген Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Еске салайық, бүгін елордада бірінші ауысымның кезекші топтарындағы 0-5 сыныптар да қашықтан оқыған болатын.


Соңғы жаңалықтар