Елорда мектептеріне жаңа оқулық таратыла бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық білім басқармасы мен «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері қаладағы жалпы білім беретін мектептерге оқулықтың таралуын қадағалап, көшпелі мониторинг жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Елорда мектептерінде жаңа оқу жылына дайындық жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оқу орындары жаңа оқулықпен қамтамасыз ете басталды.
«Бұл қоймада 1-11 сыныптарға арналған 19 баспаның оқулығы бар. Осы жерден барлық мектептер кестеге сәйкес оқулық беріледі. Бүгінгі таңда 35 мектепке кітап таратылды», - дейді қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева.
Бұл ретте санитария нормалары қатаң сақталады. Екі апта ішінде елордаға шамамен 20 жүк көлігімен 750 тонна оқулық жеткізілді. Оқулық қазір мектептерге бөлініп жатыр. Оқу құралын уақтылы жеткізуді мониторинг тобы қадағалайды.
«Бүгін қалалық білім басқармасымен бірлесе отырып, Қосшы ауылындағы мектепке барып, оқулықтарды 1-11 сыныптарға тараттық. Атап айтқанда, оқулықтардың № 54 мектеп-лицейге жіберілуін қадағаладық. Біз бұл үдерісті толық бақылаймыз», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Сәуле Бисембаева. Қазақстанда алдағы оқу жылын еліміздің барлық мектептеріндегі 1-11 сыныптарда қашықтан оқыту жоспарланған. Осыған байланысты білім басқармасына және оқу орындарының директорларына мектептің қашықтан оқытуға дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды.
- Аустралияда қатаң карантинде жатқан теннисшілер үшін турнир өтеді
- Түркістан облысының Леңгір қаласында Оқушылар үйі салынады
- Астанада наркологиялық көмек мәселелері бойынша сенім телефоны іске қосылды
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «СҚ-Фармацияның» қоймасын тексерді
-
Дәрігерлер елорда тұрғындарына үндеу жасады
-
«Әлібек қорықпа»: Елордалық полицейлер терезе алдындағы сәбиді құтқарды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам