Елорда мектептері жыл соңына дейін 100 пайыз бейнебақылау камераларымен қамтылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының бөлім басшысы Даниал Әйткенов елордада білім саласын цифрландыру жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда елордадағы мектептің бәрі де 100 пайыз компьютерлік техникалармен, интернет желілерімен жабдықталған. Сонымен бірге мектептерде роботехника мен STEM-зертхана кабинеттері ашылған. Одан бөлек мектепте тамақтанудың ақысыз жүйесі іске қосылған. Ол арқылы ата-аналар балаларының мектепте қалай тамақтанып жүргенін бақылай алады», - деді басқарма өкілі «Елорданы цифрландыру және автоматтандыру» тақырыбында Нұр-Сұлтан әкімдігінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, толығымен видеобақылау жүйесін орнату үшін мектептерге қазіргі уақытта камера орнатылуда.

«Жыл соңына дейін қала мектептеріне 4 752 камера орнатылады. Осылайша Нұр-Сұлтан қаласының мектептеріне 100 пайыз бейнебақылау камералары орнатылады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар