Елорда мектебіне «бомба қойылғаны» туралы ақпарат тарап, 175 адам эвакуацияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанадағы жеке меншік мектептердің біріне «бомба қойылғаны» туралы хабар түскен. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Полицияның «102» арнасына сағат 11.32-де «Астана Garden School» жеке меншік мектебінің электрондық поштасына ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Барлық шұғыл қызметтер дереу оқиға орнына жіберілді. Мектептен 175 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Дегенмен, ешқандай жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды»,-деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство жарылғыш заттың салынғаны туралы көрінеу жалған хабар тарату ірі көлемде айыппұл мен қылмыстық жауаптылық жүктейтінін ескертеді.

«Өткен жылы аталған қылмыстың 10 фактісі тіркелген. Полиция қызметкерлері барлық кінәлілерді анықтап, ұстады. Барлық фактілер бойынша ұсталғандар түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды», - дейді департаменттегілер.


Соңғы жаңалықтар