+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Елорда маңындағы зиратты су басу қаупі бар

2019 жылғы 22 қазан 18:48
Бөлісіңіз:
Елорда маңындағы зиратты су басу қаупі бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда маңында орналасқан зиратты су алып кетуі ықтимал. Бұл туралы қалалық Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Жаулыбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан әкімдігінде өткен Қоғамдық кеңестің отырысында аталмыш мәселені Ерлан Жаулыбаев қалалық Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ернат Бәзілдің алдында көтерді. Оның айтуынша, зираттың толық аумағы басқармадан Байқоңыр әкімдігіне берілмеген.

«Зираттың сыртында «Біз де сіздей болғанбыз, сіз де біздей боларсыз» деп жазылып тұр екен. Сондықтан, мына мәселені көтергім келеді: көктемде ол зиратқа су кетеді. Былтыр 9 бейітті су алып кетті. Сіздер зиратты біздің балансқа әлі берген жоқсыздар. Біз 640 гектардың 63 гектарын ғана алдық. Ол жерге зиратты кім белгілегенін білмеймін, ойға апарып қойған. Жан-жағын қазып, қандай да бір жұмыстар атқарылмаса – келесі жылы зираттың бәрін су алады. Көкшетау-Қостанай айналма тасжолындағы бейіттердің саны мыңға барды. Біздің ауданда ол мәселені шешетін ақша жоқ», - деді ол.

Бұл мәселеге байланысты қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сансызбай Есілов Ернат Бәзілге сол зиратқа қатысты мәселені арнайы зерттеп қайтуға ұсыныс білдірді. Өз кезегінде басқарма басшысы аталмыш мәселе қолға алынатынын айтып, жауап берді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам, Әкімдік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT