+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Елорда маңындағы Тельман елдімекенінде футбол мен балалар алаңы салынды

2020 жылғы 18 қазан 01:18
Бөлісіңіз:
Елорда маңындағы Тельман елдімекенінде футбол мен балалар алаңы салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда шетіндегі Тельман елдімекенінде қоғамдық кеңістік абаттандырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Онда футбол алаңы мен балалар алаңы бар үлкен аула алаңы пайда болды.

«Тельман елдімекенінің тұрғындары кездесу барысында ауданда абаттандырылған аула жоқ екендігін айтты. Биыл футболға арналған алаң мен балалар алаңқайы бар үлкен алаң салынды. Қоғамдық кеңістіктің аумағын кеңейтіп, конькимен сырғанау үшін мұз алаңын ашамыз.

Бұл жоба «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесе жүзеге асырылды. Мұндай алаңдар Потанин, Т.Жүргенов және Кравцов көшелерінде де ашылды. Қалада барлығы 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Олардың көбі шеткері аймақтарда, оң жағалауда, күрелген апатты үйлердің орнында салынды», - деп жазды Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында.


Әкім Тельман елдімекенінің тұрғындарымен ауданның одан әрі дамуын талқылады.

«Жыл соңына дейін бұл елдімекенде тазарту құрылыстары мен магистральдық коллектор салуды аяқтаймыз. Қуаттылығы тәулігіне 36 мың текше метрден асады. Бұл осы елдімекенді ғана емес, сонымен қатар № 27 көшенің бойындағы перспективалы құрылыс аймағын және т.б. қамтитын жер үсті ағындарын бұруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұрғындардың қалаға өту жолын айтарлықтай қысқарту үшін Nova city ауданында жол салып жатырмыз», - деді қала әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT