Елорда маңындағы өзендер жағасына қоқыс контейнерлері қойылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бас қаламыздың маңайындағы адамдар демалатын өзен-көлдердің жағалауына қоқыс контейнерлері қойылатын болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет басшысы бастаған тазалық акциясына бізде өз үлесімізді қосудамыз. Басында акцияға 1 500-дей астаналық қатысады деп болжам жасағанбыз, нәтижесінде белсенділердің саны еке есеге жетті. Машинамен өтіп бара жатырып, тоқтап, акцияға қатысып жатқандар да бар. Бұл әрине қуантарлық жағдай. Алдағы уақытта тазалық шарасы өз жалғасын табатын болады», - деді Бақтияр Мәкен.

Оның айтуынша, әр аудандық әкімдікке елорда маңайындағы тазарту керек аумақтар бөлініп береді.

«Тазалықты әр адам өзінен бастау керек деп ойлаймын. Және табиғатқа өз үйіндей қарау керек. Неге бұлай десеңіз? Бүгін өзен жағалауын жинау барысында байқағаным, көп қалдықтар тағамдар мен тұрмыс заттары. Оны тастаған кімдер әрине өзіміз. Демек табиғатты таза ұстау да, бүлдіру де өз қолымызда. Осы тұрғы да қалалық әкімдік тағы бір бастаманы қолға алғалы отыр. Қала сыртындағы адам демалатын өзен-көлдердің жағалауына қоқыс контейнерлерін қоюды жоспарлап отырмыз. Яғни белгілі бір арақашықтық сайын қолжетімді қоқыс тастау орны болады» - деді әкім орынбасары.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Үкімет басшысы Асқар Мамин бастаған елорда жұрты Есіл мен Қарасу өзендерін тазалауға қатысты.


Соңғы жаңалықтар