+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Елорда маңындағы «құпия» велосипедшілер жолы

2020 жылғы 24 мамыр 10:30
Бөлісіңіз:
Елорда маңындағы «құпия» велосипедшілер жолы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда аумағындағы «жасыл белдеудегі» 23 шақырымдық велосипедшілерге арналған жол – қала тұрғындар үшін табиғат аясында демалатын орындардың бірі.

Велотрасса Қорғалжын тасжолы мен Қараөткел, яғни Қосшы кентіне қарай өтетін жолды жалғайды.

Бұл жерді карантин кезінде елордалықтар үшін демалуға таптырмас орындардың бірі деп түйдік. Мұнда тапырлап жүрген адамдардың қарасы көрінбейді. Демалыс күні екенін ескеріп қарағанның өзінде де, тек анда-санда көзге сағымдай көрінетін велесипедшілер мен балаларын жетектеген бірлі-жарымды адамдарды ғана кездестіресіз.



«Жасыл белдеудегі» ені 2 метрлік велотрасса 2016 жылы пайдалануға берілсе де қалалықтар үшін аса танымал емес екенін көруге болады...
«Мен осы қалада 10 жылдан астам тұрамын. Бірақ осындай керемет демалуға мүмкіндік беретін орынның барын бірінші рет өз көзіммен көріп отырмын. Он жыл қалада тұрып осындай жердің барын білмеу ұяттау сияқты (күлді). Өзіңіз білесіз, жай күндері елордада көп адамның анда-мында баруға, демалуға уақыттары болмай жатады. Уақыт шықса, табиғат деп балаларымды алып Бурабайға кетіп қаламыз, сол жақтан талай велосипед жалға алып тепкен едім. Енді мына жер керемет екен, карантин жақсы болды (күлді)», - дейді елордалық Айдын.


Алайда, біз мұндағы адамдардың өте аз болу жағдайының бір себебін велосипедті жалға беру қызметінің әлі қосылмағанынан деп түсіндік. Оның үстіне Қорғалжын тасжолы жағы мен оның екінші шетінде де үлкен құрылыстар салынып жатыр.

«Велосипедтерді жалға беру қызметіне әлі рұқсат берілген жоқ сондықтан біздің жұмысымыз тоқтап тұр. Бірақ өзіңіз көріп тұрсыз мына жерде құрылыс қарқынды жүріп жатыр, болашақта керемет демалыс орындарының біріне айналады», - дейді велосипедті жалға беруші Ербол.

2 метрлік велотрассаның екі жағы самсап өскен қайың, үйеңкі тағы да басқа түрлі ағаштар бүкіл жолды қамтиды. Жол бойында демалатын орындар мен қоқыс тастайтын жәшіктер ортатылған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Саягүл Жарылқасын

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT