Елорда маңындағы Қоянды ауылында 60-тан астам кәсіпкерлік нысан ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Целиноград ауданына жұмыс сапары барысында Қоянды ауылындағы шағын және орта бизнестің даму барысымен танысты.

Бүгінгі таңда Қоянды ауылындағы тұрғындардың саны 24 мыңнан асады. Олардың 72 пайызы шетелден келген қандастар. 

Осы сапары барысында өңір басшысы ауылға келген соң өз кәсіптерін бастаған кәсіпкерлермен кездесті. Бірінші болып әкім ағаштардан түрлі бұйымдар шығарумен айналысатын кәсіпкердің жұмысымен танысып, соң Ботандар отбасымен кездесті. Аталмыш отбасы биыл пеш дайындау ісін жолға қойды.  

Кәсіпкердің сөзінше, бұл кәсіп түрі өрге басып келеді. «Біз бүгін күніне бір пеш дайындап жатырмыз. Бір пештің құны 250 мың теңге. Қазір біз оларды көршілес ауылдарға сатып жатырмыз. Алайда, бұл кәсіпті енді ғана бастадық»,-дейді отбасының иесі Раимхан Ботан.

Өз кезегінде облыс әкімі шағын және орта бизнестің еліміздің өңірлерінде де республикалық деңгейде де ерекше көңілл бөлініп отырған сала екендігін атап өтті.

Бүгінгі таңда Қояндыда 1600-ден астам кәсіпкерлік нысаны бар екендігін айта кету керек. Олардың 60-ы биыл ашылды.

Соңғы жаңалықтар