Елорда маңындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды
2022 жылғы 21 маусым 09:24

Елорда маңындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда маңында шыққан өртті сөндіруге МИ-8 ұшағы жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«Кеше сағат 15-те Қорғалжын тас жолы бойында, үлкен Талдыкөл көлінің ауданында, шамамен 6,5 га жалпы алаңда қамыс өртенді. «Астана Орманы» МКК күшімен өрттің периметрі бойынша жер жыртылды. Жалынның «Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуіне» таралу қаупі жоқ. Төтенше жағайды жоюға ТЖД жеке құрамының 122 адамы және 30 бірлік техникасы мен коммуналдық қызметтер жұмылдырылды. Бүгін сағат 8-де Нұр-Сұлтан аэродромынан өртті сөндіру үшін «Қазавиақұтқару» АҚ-тың МИ-8 ұшып кетті», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Елорданың Есіл ауданына қарасты Қорғалжың тас жолы бойындағы өртті сөндіру жұмысы кешеден бері жалғасып жатыр.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/elordanyn-esil-audanynda-kurgak-shop-pen-kamys-ortenip-zhatyr_a3946516


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT