Елорда маңындағы демалыс орнынан шыққан өрт әлі сөндірілген жоқ – департамент

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті елорда іргесіндегі Жібек жолы кентіндегі демалыс кешенінің өртенуіне қатысты ақпаратты таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сағат 15:40-та елордалық өрт сөндірушілер Ақмола облысы Жібек жолы кентіне көмекке шықты. Оқиға орнына жеткен кезде «Astana Resort» демалыс кешені аумағында, бунгало және демалатын үйлер өртеніп жатқаны анықталды. Қазіргі уақытта елорданың өрт сөндірушілері жалынның өзге де нысандардың таралуына жол бермеу үшін қажетті шараларды атқаруда. Өрт әлі сөндірілген жоқ», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне.

Белгілі болғандай, өрт басталғанда демалыс кешініндегі 45 қызметкер мен мейман қауіпсіз жерге шығып үлгерген.

Өрттің себебі мен жалын шарпыған аумақ көлемі анықталуда.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елорда іргесінде орналасқан демалыс орны өртенді.



Соңғы жаңалықтар