Елорда маңындағы бөгеттер мен су қоймаларының жағдайы тексерілді

None
None
АРШАЛЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің өкілі Ерлан Үмбетов Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаевпен бірге Аршалы ауданына болып, ықтимал көктемгі су тасқынын алдын алу шараларымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Делегация су тасқыны қаупі бар учаскелерді аралап көрді. Онда Астана су қоймасының, Безымянная бөгетінің және 42 разъездің қорғаныс бөгетінің жағдайымен танысып, Жібек жолы ауылының 4 және 8 шағын аудандарын топырақ үйінділерімен қоршау жұмыстарына назар аударды. Учаскелерді тексеру барысында аудан әкімі мен «Қазсушар» РМК Ақмола филиалының өкілі қазіргі уақытта елді мекендерді су басуына жол бермеу бойынша қолға алынған шаралар туралы айтты. Сондай-ақ, учаскелерді аралау барысында түйіткілді мәселелер сөз болып, оларды шешу жолдары талқыланды», - деді ТЖД баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, Ақмола облысында 100-ден астам елді мекенді су басу қаупі бар.


Соңғы жаңалықтар