Елорда маңындағы бірқатар жолдар ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадан шығатын бірқатар жолдар ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат IKomek ақпарат орталығына сілтеме жасап.

«7 желтоқсан күні таңғы сағат 11:00-ден бастап «Нұр-Сұлтан - Щучинск», «Нұр-Сұлтан - Киевка», «Нұр-Сұлтан - Қорғалжын», «Нұр-Сұлтан - Қарағанды» жолдары ашылды. Көліктің барлық түрі жүре алады» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше түнде ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде жол жабылған болатын.

Соңғы жаңалықтар