Елорда маңында бір түнде 4 көлікті тонаған ұры ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда маңындағы Ильинка елді мекенінде тұрғын үй жанында тұрған 4 шетелдік көлікті тонаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті түн уақыттында көпқабатты үйлердің ауласында тұрған көліктердің есігін тартып көріп, ашық тұрғандарына ұрлыққа түскен. Жас жігіттің қолшаммен көліктердің салонын тінтіп жатқан түнгі жорығы бейнебақылау камераларына да түсіп қалған.

«Мерседес» маркалы көліктің иесі, зардап шегушілердің бірі полицияға жүгініп, 40 мың теңге сомасындағы ақшасының ұрланғандығын хабарлады. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталған 26 жастағы жігіт болып шықты. Тергеу барысында ол тағы 4 көлікке ұрлыққа түскенін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің елорда аумағында жасалған дәл осындай өзге де қылмысқа қатысы тексерілуде», - деді департаменттен.


Соңғы жаңалықтар