+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Елорда маңында атпен серуендеуге арналған соқпақ жол салынды

2021 жылғы 25 қыркүйек 23:09
Бөлісіңіз:
Елорда маңында атпен серуендеуге арналған соқпақ жол салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан маңындағы жасыл белдеу аумағында ат спорты кешенінің құрылысы аяқталды. ҚазАқпарат бұл туралы елорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда ұлттық мектеп спорт лигасы өтіп жатыр Министр Денис Тен атындағы академияны ашу туралы: Анасымен ақылдасып жатырмыз Елордада Денис Теннің құрметіне мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтеді

Енді жұртшылық шаһар маңындағы жасыл белдеуді атпен аралай алады.

Орман аумағында қала әкімдігінің бастамасымен жалпы ұзындығы 13,2 шақырым болатын атпен жүруге арналған соқпақ жол пайдалануға берілді.

Жасыл белдеуде атпен серуендегісі келгендер арнайы орынға келіп, белгілі бір уақыт аралығына жылқыны жалға алуы керек. Мұнда оларға атпен серуендеуге арналған қорғаныш киімдері беріліп, қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі.

«Атпен жүруге арналған соқпақта қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіз демалысы үшін барлық жағдай қарастырылған. Атап айтсақ, нысан аумағында 5 демалыс аймағы, автотұрақ, модульдік әжетханалар бар. Бейнебақылау камералары да орнатылған. Соқпақта атпен серуендеу қызметі жыл он екі ай көрсетіледі.


Аттарды күтіп-баптау, келушілерге қызмет көрсету бағытында 15 жаңа жұмыс орны ашылды. Мұнда келушілерге табиғат аясында таза ауада атпен серуендеумен бірге атқа мінуді үйрету қызметі де ұсынылады. Жақында әлеуеттік жоба аясында денсаулығында ақауы бар жандар үшін иппотерапия қызметі іске қосылмақ», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бөлім басшысы Қыдыр Жиенәлі.

Серуендеуге арналған аттар ауыл шаруашылығы кооперативтері бірінің меншігі. Кооператив төрағасы Мұрат Қасымов та туристерге ерекше қызмет түрін ұсыну жоспарымен бөлісті.

«Қазір мұнда 15 ат бар. Олардың қатарын иппотерапияға арналған жылқылармен толықтыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар балаларға арнап понилерді әкелеміз. Аттардың мінезі әрқилы. Сәйкесінше келушілердің арасында да бұрыннан атқа мініп жүргендер немесе енді үйренгісі келетіндер де табылып жатады. Олар арнайы нұсқаушының көмегімен атқа мінуді үйреніп шығады. Сондай-ақ жаз айларында арбаға, қыста шанаға жегуге арналған аттар да бар. Бір сөзбен айтқанда, кез келген талғамдағы тұтушының көңілінен шығуға барымызды саламыз. Атпен серуендеуден бөлек қоғамдық тамақтану орны, қымызхана да ашамыз», - дейді кооператив төрағасы.


Елорданың жасыл белдеуі еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен 1997 жылы қаланы желден қорғау және халықтың өмір сүруі үшін қолайлы климат қалыптастыру мақсатында құрылды.

Бір сөзбен айтқанда, жасыл белдеу аумағы табиғат аясында елорда маңында ат үстінде демалыс өткізгісі келетіндер үшін таптырмас орын болады.

Айта кетейік, «Туристік маршрут» деп аталатын жаңа нысан (жасыл белдеу аумағындағы атпен жүруге арналған соқпақ жол) орналасқан жасыл белдеу – қала қалқаны. Оның аумағында 12,1 млн-нан астам ағаш пен бұта өседі. Сол сияқты мұнда қоян, түлкі, қарсақ, кекілік, қырғауыл және т.б. тіршілік етеді.

Қаланың климаты тым континентті екенін ескерсек, «жасыл белдеу» экологияны айтарлықтай жақсартып қана қоймай, климаттық жағдайды жұмсартуға мүмкіндік береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT