Елорда маңына қатынайтын екі автобустың қозғалысы тоқтатылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласының маңайына қатынайтын қоғамдық көліктер күн райына байланысты қозғалысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

«Сағат 09.00-дегі жағдай бойынша өзекті ақпарат: ауа райының нашарлауынан қала маңына қатынайтын №№ 315, 310 бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Қала маңына қатынайтын өзге бағдарлар линияда», - делінген мәліметте.

Айта кетейік, бүгін сағат 08.00-де желдің күшеюі, боран және жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан «Екатеринбург - Алматы» автожолының (1003 – 1247 км аралығы) «Астана қаласы – Атбасар қаласы» учаскесі көліктің барлық түрлері үшін жабылды.


Соңғы жаңалықтар