USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Елорда құрылысшылары жалдап тұрған: СҚО-да өртенген үйден 15 адам эвакуацияланды

2021 жылғы 28 қазан 17:18
Бөлісіңіз:
Елорда құрылысшылары жалдап тұрған: СҚО-да өртенген үйден 15 адам эвакуацияланды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бес қабатты тұрғын үйдің балконынан өрт шығып, бір адамды құтқаруға, 15 адамды қауіпсіз жерге шығаруға тура келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда қою қара түтін шыққан пәтерден мүмкіндігі шектеулі ер адам құтқарылды Қазақстанда жыл сайын 4,5 мыңға дейін орман, дала өрті тіркеледі Өскеменде өрт шыққан үйден әйел мен бала құтқарылып, 8 адам эвакуацияланды

Чайковский көшесіндегі 13-үйде екі балконның жанып жатқандығы туралы хабарлама 101 нөміріне сағат 14.06-да түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер алдымен, көк түтінге оранған пәтерден 51 жастағы ер адамды автосатының көмегімен алып шықты. Сондай-ақ тағы 15 тұрғынды, соның ішінде 4 баланы қауіпсіз жерге шығарды.

«Өрт үйдің 3-қабатындағы балконнан шығып, үстіңгі қабаттың балконына ауысқан. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін. Құтқарылған ер адам мас болды», - дейді Петропавл қалалық № 3 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Ернар Рүстем.


Жалынмен күреске 6 техника және 25 адам жұмылдырылып, 20 минуттың ішінде толық сөндірілді.

Құтқарылған ер адамның айтуынша, пәтерді бірнеше адам жалдап тұрады. Астаналық бригада Петропавлда құрылыс нысанында жұмыс істейді.

«Мана келіп түскі асты ішіп кетті. Қайсысының темекіні өшірмей кеткені белгісіз. Мен өзім үнемі сөндіріп жүремін. Түсте демалуға жатқанмын. Оянып кетсем көк түтін, тұншығып барады екенмін. Әзер есімді жинап алдым», - дейді ер адам.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT