Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.01 EUR 430.12
RUB 6.10 CNY 55.70
Jańalyqtar

Елорда күніне орай «Ұлы далаға үлес» атты ұлттық ойындар жарысы өтеді

2019 жылғы 27 сәуір 17:23 1404
Бөлісіңіз:
Елорда күніне орай «Ұлы далаға үлес» атты ұлттық ойындар жарысы өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 6-7 шілде күндері елорда күніне орай ұлттық ойындардан «Ұлы далаға үлес» атты үлкен жарыс өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін елордада елімізге оралған қандастарымыз жаңадан құрған «Болат тұяқ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласының күніне орай «Қазанат» атшабарында өтетін «Ұлы далаға үлес» атты ұлттық ойындарды өткізуге арналған баспасөз мәслихаты өтіп жатыр.

Отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан, «Болат тұяқ» қоғамдық қорының тең төрағалары Жақып Баймоллаұлы мен Нұрдәулет Нұрбәрәкұлы, Отандастар қауымдастығының вице-президенті Мәди Манатбек, сондай-ақ, белгілі кәсіпқой боксшы Қанат Ислам және басқа алыс-жақын шетелден тарихи отанына оралған кәсіпкер азаматтар, белгілі қоғам қайраткерлері, өнер адамдары, ұлттық спорт мамандары мен жанашырлары қатысты.

Елорда күніне орай «Ұлы далаға үлес» атты ұлттық ойындар жарысы өтеді 

Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан елімізде жаңадан құрылған «Болат тұяқ» қоғамдық қорының бастамасына ризашылығын білдірді.

«Мен бүгін сіздердің бастап жатқан игі істеріңізге қатты разы болып отырмын. Елорда күніне орай «Ұлы далаға үлес» атты ел ішінде бұрын-соңды болмаған ірі жарыс өткізгелі отыр екенсіздер. Бұл елімізге, елорда күніне үлкен тосын сый болғалы отыр. Бастаған істеріңізге қолдау көрсетуге дайынбыз», - деп атап өтті Б. Тілеухан.

Баспасөз барысында отырысқа қатысқан өзге де ұлттық спорт мамандары мен жанашырлары жарысты қалай өткізу барысын талқылады.


Елорданың қала күніне орай «Болат тұяқ» қоғамдық қоры төмендегідей жарыстар өткізбек:

1. Әр ауылдың атқа мінер азаматтарының шеруі;

2. Бес түрлі қашықтықтан  тұратын ат бәйгесі;

3. Некелі әйелдер жаяу жарысы;

4. Қара жердің қайығы (түйе жарысы);

5. Көкпар тарту;

6. Қолаң шаш қазақ арулар байқауы;

7. Алып күш иесі азаматтар сайысы;

8. Ұлттық қолөнер бәйгесі;

9. Ат сыншыларының жарысы (әр өңірден);

10.  Қыз қуу, теңге ілу, арқан тарту, асық ату, тоғыз құмалақ т.б.;

11. Дәл басу;

12.  Киіз үй көрмесі (жарыс түрінде);

13.  Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі (жарыс түрінде).

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қандастар, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT