+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Елорда күніне орай қандай шаралар өтеді

2019 жылғы 6 шілде 08:52
Бөлісіңіз:
Елорда күніне орай қандай шаралар өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Бүгін қала тұрғындарының сүйікті мерекелерінің бірі - Елорда күні атап өтілуде. Әдеттегідей, саябақтарда, парктерде, тұрғын алаптарында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылады. ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасай отырып елорда қандай мерекелік шаралар өтетіндігін хабарлайды.

Шілденің 4-і мен 6-сы аралығында елордалық алаңдарда Х «Астана самалы» үрмелі аспаптар оркестрлері фестивалі өтуде.

6 шілде күні таңертең шараға қатысатын оркестрлердің шеруі өтеді. Содан кейін Қалалық алаңда қала тұрғындары мен қонақтарының назарына плац-концерт ұсынылады.

Ән сүйер қауым 5-6 шілдеде караокеден «Бәрі де ән шырқайды!» чемпионатына қатысады. Балалар мен ересектер ән айтудан жарысады. Халықтық караоке Есіл өзенінің жағасындағы Амфитеатрда өтеді. Ұлы қазақ ақындары мен жас жазушылардың шығармашылығымен етене танысқысы келетін жандар үшін елордада «Нұр-Сұлтан - еліміздің бас қаласы, Жастар - болашақтың бастамасы!» атты кітап пен поэзия кеші ұйымдастырылады.

6 шілдеде Промышленный, Интернациональный, Железнодорожный, Пригородный, Үркер, Көктал-1 тұрғын алаптарында бүкіл отбасыға арналған «Думанды Сарыарқа» мерекелік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылады. Шара аясында эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, мультфильмдердің кейіпкерлерінің киімін киген аниматорлар кішкентай елордалықтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Мерекелік бағдарламада спорт сүйер қауымға арналған шаралар да қарастырылған. Олардың қатарында «Болашақ аңыз тұлғалар» атты кәсіпқой бокс кеші де бар. 6 шілдеде «Барыс Арена» мұз айдыны сарайында кештің басты жекпе-жегін бұған дейін жеңіліс таппаған қазақстандық былғары қолғап шебері Жанқош Тұраров өткізеді.

Елорда күніне арналған салтанатты шаралар легін Ұлттық Домбыра күніне арналған концерт аяқтайды.

Шара 7 шілдеде «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда сағат 12.00 өтеді. Сонымен қатар, осы күні кешке сағат 17.00 Амфитеатрда өнер сүйер қауым «Нағыз қазақ домбыра» атты концертті тамашалайды.

Мерекенің соңғы күндері 7-8 шілдеде Амфитеатр сахнасында тай артистері «Тай түндері» атты концерттік бағдарламасын ұсынады. Бұл шара - Тайланд Корольдігінің Қазақстандағы елшілігінің Елорда күніне тартқан сыйы.

Сондай-ақ, концерт Нұр-Сұлтан мен Бангкок қалаларының бауырластық қарым-қатынасының 15 жылдығына орайластырылған. Елорда күніне арналған мерекелік шаралар туралы толық ақпарат www.astanaday.kz ресми сайтында жарияланған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Астана күні,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT