Елорда күніне орай Алматыда 40 нысан пайдалануға берілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Елорда күніне орай Алматыда 40 нысан пайдалануға берілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шаһар басшысы Б. Сағынтаев Instagram парақшасында карантиндік шараларға қарамастан құрылыс саласы жоғары қарқынды сақтап қалғанын жазды.
«Берілген нысандар бойынша аралық қорытынды шығарылды. Әлбетте, карантин қалыпты өмірімізге өзгерістер енгізді. Десе де, Астана күніне дайындығымыз жаман емес», – деді Б. Сағынтаев.
Қала әкімі Елбасының және Мемлекет басшысының Алматы қаласын дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйге ерекше назар аударылғанын тілге тиек етті.
4 мектеп, 2 балабақша, 2 музыкалық мектеп, 100 келушіге арналған және 40 төсек-орны бар медициналық орталық пайдалануға беріледі. Құрылысшылар алты тұрғын үй кешенінен 179 мың шаршы метр тұрғын үйді, бұл дегеніміз – 1,5 мың пәтерді өткізуге дайын. Бизнес саласы бірқатар коммерциялық жобаларды жүзеге асырмақ. Олар пандемия еңсерілгеннен кейін толық қуатымен жұмыс істейтін жаңа өндірістерді іске қосады. Бұл нысандарда 3200 жаңа жұмыс орны ашылады.
«Белгіленген жоспарларды іске асыру болашаққа жаңа серпінмен оптимистік тұрғыда қарауға мүмкіндік береді. Бүгінде біз осынау қиын кезеңнен бизнесті аман алып қалу үшін барлық қолдау шараларын жүргізіп жатырмыз. Бірлесе қала экономикасының мүддесіне нұқсан келтірмей және қатаң карантиндік шараларды сақтай отырып, өмір сүруді және жұмыс істеуді үйренеміз деп сенемін», – деп түйіндеді сөзін Б. Сағынтаев.
- Пандемия кезінде тұрғындардың тауға баруы төрт есеге артты — Бақытжан Сағынтаев
- Шетсіз қала: Алматыда 22 саябақ пен сквер жөндеуден өтті
- Сағынтаев: Алматыда жыл ішінде жасыл желекпен қамтамасыз ету бір адамға шаққанда 1,6 есеге өсті
- Алматы полициясы қалада интерактивті жол белгілері не үшін орнатылғанын түсіндірді
-
Алматыда карантин режимін бұзған тұрғындарға 234 млн теңге айыппұл салынды
-
Биыл Нұр-Сұлтанда 7 мың үлескер баспаналы болады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам