Елорда көшелерінен 15 мың текше метрге жуық қар шығарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы көшелерінен 15 мың текше метрге жуық қар шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

13 қаңтар күні 938 техника мен 1675 жол жұмысшысы елорда көшелерін қардан тазалады.

Қала сыртына 14 827 текше метр (1 236 рейс) қар шығарылды.

Жалпы осы уақытқа дейін полигонға тасымалданған қар көлемі 1 755 855 текше метрді (146 321 рейс) құрады.

Ал бүгінгі түнгі ауысымға қар тазалауға 540 техника бірлігі мен 157 жол жұмысшысы жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар